378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда шетелдіктерге арналған орталық ашылды

  • 191
  • UPD: 15:26, 28.04.2019
Таразда шетелдіктерге арналған орталық ашылды

Таразда алғаш рет көші-қон қызметін көрсету орталығы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді өңірге келген шетел азаматтары құжаттарын бір жерден рәсімдей алады. Мамандар «бұл жемқорлықтың жолын кесіп, заңсыз әрекеттерді болдырмауға мүмкіндік береді», – дейді. Жаңа орталықта көші-қон заңына сәйкес мемлекеттік қызметтің 11 түрі көрсетіледі. Тіркелуден бастап, Қазақстан азаматтығын алуға дейін. Тіпті медициналық тексеруден де осы кешенде өтуге жағдай жасалған.

Маржан Құрмашева, облыстық ПД көші-қон қызметі басқармасының инспекторы:

- Шетел азаматтары осы жерден жылдам және тез қызмет ала алады. Бұрынғы уақытта бізде бір сала бойынша қызмет көрсету 2-3 күн уақыт алса, қазір 2-3 сағаттың ортасында сұрағын шешіп, барлық сұрақтарға біз дер кезінде жауап бере аламыз.

Хабар 24 телеарнасы