378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысындағы 91 елді мекенде су жүйесі сын көтермейді

  • 141
Алматы облысындағы 91 елді мекенде су жүйесі сын көтермейді

Алматы облысындағы 91 елді мекеннің орталықтандырылған су жүйесінің санитарық-техникалық жағдайы сын көтермейді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Іріп-шірігені көп. Олардың ішінде жарты ғасырдан астам уақыт бойы жөндеу көрмеген құбырлар бар. Ал 48 су құбыры иесіз. Сол себепті 19 ауылда тіршілік нәрі тәулігіне 4-5 сағат қана беріледі. Өңірдегі 85 елді мекен орталықтандырылмаған су көздерін пайдаланып, Жамбыл мен Іле аудандарының аумағында орналасқан Ащысу, Бозой және Күрті ауылдары тасымалданатын ауызсуды тұтынып келеді. Ал Ұйғыр ауданындағы Үлкен Дихан ауылының тұрғындары әлі күнге дейін суды өзеннен тасып ішеді. Алматы облысының қоғамдық денсаулық сақтау департаменті өткен жылы 134 нысанды тексеріп, 92 кемшілік бойынша 3 миллион теңгеден астам айыппұл салған.

Марат Исмаилов, облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары:

– Облыстағы су құбырлары мен ауызсудың сапасына біздің тарапымыздан үнемі мониторинг жүргізіледі. Мысалы, өткен жылы санитариялық-химиялық көрсеткішке 1355 сынама алынып, соның 44-і талапқа сай келмеді. Оған қоса 1358 микробиологиялық сынаманың 3,1 пайызы дұрыс болмай шықты. Сондықтан иесіз қалған мүлікті есепке алып, барлық елді мекендерді орталықтандырылған су жүйелеріне көшіру керек.

Хабар 24 телеарнасы