378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Созақта 6 ауыл ауызсумен қамтылады

  • 137
  • UPD: 20:21, 28.04.2019
Созақта 6 ауыл ауызсумен қамтылады

Түркістан облысында шалғай елді мекендерді таза ауызсумен қамту жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды «Хабар 24».

Созақ ауданында өткен жылы ауқымды жобалар қолға алынып, 6 ауылға тіршілік нәрін жеткізу үшін облыстық бюджеттен 398 млн теңге қаражат бөлінген. Қазір Көктөбе ауылына ауызсу жеткізілген. Енді Қайнар, Шаға, Ақсүмбе, Раң сияқты 5 елді мекенге су құбыры тартылып жатыр. Олар да биыл таза ауызсуға қол жеткізеді. Жалпы Созақ ауданында 35 ауыл бар. Оның 23 елді мекені тіршілік нәрімен қамтылған. Бұл аудан халқының 79 процентін қамтиды. Енді аталған 6 ауылға ауызсу келгенде тіршілік нәрімен толық қамтылған елді мекендердің саны 29-ға жетеді. Сөйтіп аудан тұрғындарының 82 проценті ішер судан таршылық көрмейді. Ал қалған 6 елді мекеннің шаруасы қазір қаралып жатыр.

Созақбай Жотабай, Қайнар ауылының тұрғыны:

– Су кіргізілген соң мәселе шешіледі. Бұрын таза су жоқ еді. Құдықтан тасып ішетін едік.

Бауыржан Әбенұлы, аудандық ткш жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы:

– Қалған тағы 6 ауыл бар, алдағы уақытта су астына зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Зерттеу жұмыстары биыл аяқталады деп отырмыз. Сметасы жасалып, алдағы жылдары таза ауызсумен қамтылатын болады.

Хабар 24 телеарнасы