388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістандық бағбан жүзімнің жаңа сұрыпынан өнім алуда

  • 500
Түркістандық бағбан жүзімнің жаңа сұрыпынан өнім алуда

Түркістан облысының бағбандары ауыл шаруашылығы саласында алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып, бау-бақшаны дамытудың тың тәсіліне көшті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мәселен Жетісай ауданындағы жер емген диқан Ербол Ералиев 40 гектар жеріне жүзімнің жаңа 9 сұрпын жерсіндіріпті. Жүзім көшеттерін бағбан Украинаның Одесса қаласынан алдырған. Себебі көршілес Өзбекстан, Тәжікстаннан келетін өнімдерге бәсекеге қабілетті болуымыз қажет. Ал Орталық Азияда дайындалған жүзімнің түрімен шетел нарығына шығу қиын», – дейді бау-бақша иесі. Бағбан шетелден әкелген жүзімнен алғашқы өнімнің дәмін татқан. 40 гектар алқаптан 20 тоннаға жуық өнім жинапты. Мұнда жүзімдерге тамшылатып суғару әдісі қолданылады. Ал бауға қажетті құралдар мен заттарды кәсіпкер әрі бағбан Ербол өз кәсіпорнында дайындайды.

Ербол Ералиев, бағбан:

– Жүзім тәртіп бойынша 4 жылда өнім береді. Бұл жылдың өзінде гектарына 2 тоннадай егуді жоспарлап отырмыз. Кезеңімен піседі. Сатуға қолайлы болсын дедік.

Хабар 24 телеарнасы