384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылорда облысының диқандары дән егуді бастады

  • 756
  • UPD: 09:06, 29.04.2019

Қызылорда облысының шаруалары дән себуді бастады. Аймақ диқандары 178 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастырады.

Оның ішінде күріш 83 мың гектарға егіледі. Шаруалар мамырдың аяғына дейін дән себуді аяқтап, суға бастырмақ. Биыл күріш егісі 100 пайыз жоғары репродукциялы тұқыммен себілетін болады. «Дала күні» семинар-кеңесінде ауыл шаруашылығы саласын цифрландыру қажеттігі айтылып, егін егу мен жинауда нәтижелілігі жоғары агротехникалар таныстырылды Шарада тыңайтқыш себетін агродрондарды пайдалану, жаңа технологияларды өндіріске енгізу, дақылдардың өнімділігін арттыру және алқапты тиімді суландыру жайы талқыға түсті.

Бақыт Жаханов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

- Қазіргі таңда Шардараға түсіп жатқан су көлемі мың текше метрді құрап отыр. Шардарадағы су 5,2 млрд, Көксарайда 2 млрд текше метр су бар. Осы су біздің егіске толық жетеді деген кепіл болып тұр. Шаруашылықтар өз тарапынан насос алу мәселесі, гидробекеттерді жөндеп, каналдарды тазалау жұмыстарын жүргізуде. Биылғы жылы су тапшылығына осындай дайындықпен келіп тұрмыз.

Хабар 24 телеарнасы