378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» Агенттігі үміткерлердің сайлауалды үгіт материалдарына эфирлік уақыт берудің жалпы шарттарын жариялады

  • 367
  • UPD: 12:50, 03.05.2019
«Хабар» Агенттігі үміткерлердің сайлауалды үгіт материалдарына эфирлік уақыт берудің жалпы шарттарын жариялады

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

«Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамының 2019 жылғы 09 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысатын Қазақстан Республикасының Президенттігіне үміткерлердің сайлауалды үгіт материалдарын орналастыру үшін «­­­­Хабар», «Хабар 24», «Kazakh TV», «Ел арна» телеарналарында эфирлік уақыт беруінің жалпы шарттары

«Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Агенттік) – «­­­­Хабар», «Хабар 24», «Kazakh TV», «Ел арна» телеарналарының (бұдан әрі - Телеарналар) меншік иесі, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына сәйкес, сайлауалды үгіт материалдарын (бұдан әрі – Үгіт материалдары) орналастыру үшін Телеарналарда эфирлік уақыт беру шарттары мен тәртібі, төлем мөлшері туралы хабарлайды.

Телеарналар Агенттік пен Президенттікке үміткер (бұдан әрі - Үміткер) арасында немесе Үміткердің уәкілетті өкілімен жасалатын жазбаша шарт негізінде және Телеарна бекіткен монтаждау парақтарына сәйкес эфирлік уақыт береді. Сонымен қоса, монтаждау парақтары жазбаша өтініш берілген күні Телеарналарда бар техникалық мүмкіндіктерге сәйкес, яғни Телеарналардың эфирлік уақытының жоспарлы уақыт аралығында жарнаманың болуына және/немесе болмауына қарай, Үгіт материалдарының эфирге жоспарлы шығуына дейін күнтізбелік 3 (үш) күн бұрын әзірленеді.

Телеарнада эфирлік уақыт беру төмендегі Үгіт материалдарын орналастыру жолымен жүзеге асырылады:

1) қазақ және орыс тілдерінде хронометражы 60 (алпыс) секундтан аспайтын бейнероликтер;

2) арнайы репортаждар;

3) өзге де Үгіт материалдары.

Үміткердің не болмаса оның уәкілетті өкілінің Агенттік басшысының атына жазған жазбаша өтініші эфирлік уақыт беру туралы шарт жасау үшін негіздеме болып табылады. Үгіт материалдарының саны, хронометражы, эфирге орналастыру жоспарланған күн мен уақыт Үміткердің не болмаса оның уәкілетті өкілінің жазбаша өтінішінде көрсетіледі, олапр кейін шарт талаптарымен бекітіледі.

Өтініш Үміткерлердің өтініштерін тіркеу журналында, кезектілік тәртібімен, әр жазбаша өтінішке реттік нөмір тағайындау және өтініштің келіп түскен күнін белгілеу жолымен тіркеледі.

Жазбаша өтінішке мынадай құжаттар қоса берілуі керек:

1) Үміткердің тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі;

2) Үміткер өкілінің уәкілеттігін растайтын құжаттың көшірмесі;

3) өтініш берген тұлғаның жеке куәлігінің көшірмесі;

4) шарт жасау үшін тұлғаның өкілеттігін растайтын құжаттар.

Телеарналар эфирінде Үміткерлердің Үгіт материалдарын орналастыру кезектілігі жазбаша өтініштердің келіп түсу ретімен не болмаса, егер өтініштер бір уақытта келіп түскен жағдайда, жеребе бойынша белгіленеді. Жеребе өткізу тәртібі мен шарттарын Агенттік белгілейді.

Егер жазбаша өтініш келіп түскен сәтте, сұратылып отырған уақыт ертерек жүгінген басқа Үміткерге берілген жағдайда, немесе техникалық мүмкіндіктерге байланысты берілуі мүмкін болмаса, Агенттік Телеарналардың техникалық мүмкіндіктерін ескере отырып Үміткерге үгіт материалдарын орналастыру үшін басқа уақыт ұсынады.

Үгіт материалдары Телеарнада (Телеарналарда) эфирге жоспарлы шығуына дейін кем дегенде күнтізбелік 3 (үш) күн бұрын ұсынылуы тиіс.

Үгіт материалдары төмендегі талаптарға сай болуы тиіс:

кодек MPEG2, Chroma 422, битрэйт 50 МБит/сек, секундына 25 кадр, таралымы 1920x1080, кескін жаймасы interlaced, сызықтар құрылымының жүйесі – үстіңгі сызық бірінші (top field first), кадр арақатынасы 16:9;

аудио: форматы PCM, WAV, 24 бит, 48 kHz, деңгейі - 12 ДБ, материалдың соңғы нұсқасындағы дыбыс 1-стерео арнаның сол жолағына қарай түйістіріліп, оң жолаққа қайталануы керек (жалған стерео). Видео және аудио MXF OP-1a контейнерінде болуы керек. Бейнематериалдар сыртқы тасуыштарда (қатты диск, флеш карта) беріледі.

Бейнетасуышпен бірге эфирлік уақыт беру туралы шартқа қол қоюға уәкілетті тұлғаның қолы қойылған, Үгіт материалының мазмұны болып табылатын мәтіннің түсіндірмесі, суреттері Үгіт материалдарында пайдаланылған тұлғалардың жазбаша рұқсаттары, ал олар қайтыс болған жағдайда – мұрагерлерінің жазбаша рұқсаттары, жарнамалық материалдарда кәмелетке толмаған балалардың суреттері пайдаланылған жағдайда – ата-аналарының, қамқоршыларының, жанашырларының жазбаша рұқсаттары беріледі.

Үгіт материалдарында олардың төленуі, қаржыландыру көздері туралы дыбыстық немесе визуалды ақпарат болуы тиіс.

Үгіт материалдарын ұсынған үміткерлер олардың мазмұнының Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына, соның ішінде авторлық және сабақтас құқықтар саласындағы заңнамаға сәйкес болуына дербес жауапты болады.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген тәртіп пен талап бұзылған жағдайда, сондай-ақ тиісті шарт талаптары бұзылған кезде Үгіт материалдарын эфирге шығару жүргізілмейді не болмаса бұзушылық жойылғанға дейін тоқтатылады.

Егер Үгіт материалдарында конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, республиканың тұтастығын бұзу, мемлекет қауіпсіздігіне нұқсан келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, топтық және тектік араздықты қоздыру, қатыгездік пен зорлық-зомбылыққа бас ұру, сондай-ақ заңдарда көзделмеген әскерилендірілген құрамалар құру идеялары болса, Агенттік оларды эфирге шығарудан бас тартады.

Агенттік Үгіт материалдарында Қазақстан Республикасының Президенттігіне басқа да үміткерлердің арына, намысына немесе іскерлік беделіне зиян келтіруі мүмкін ақпарат болған жағдайда оларды эфирге шығарудан бас тартуға құқылы.

Осы ақпараттық хабарламада көрсетілген эфирлік уақытты беру тәртібі мен талаптары Қазақстан Республикасы уәкілетті органдарының талаптарына сәйкес түзетілуі мүмкін.

Үгіт материалдарын орналастыру құны төмендегіні құрайды:

  1. «Хабар» телеарнасында ҚҚС қоса есептегенде минутына 114 000 (бір жүз он төрт мың) теңге;
  2. «Хабар 24» телеарнасында ҚҚС қоса есептегенде минутына 100 000 (бір жүз мың) теңге;
  3. «Kazakh TV» телеарнасында ҚҚС қоса есептегенде минутына 60 000 (алпыс мың) теңге;
  4. «Ел арна» телеарнасында ҚҚС қоса есептегенде минутына 40 000 (қырық мың) теңге.

Орналастыру құны Телеарналардың барлық қолжетімді хабар тарату орталарында (эфирлік аналогтық, эфирлік цифрлық, спутниктік, сондай-ақ кабельдік операторлар арқылы және Интернет желісінде) трансляциялауды және ретрансляциялауды қамтиды.

Жасалған шарт бойынша Телеарнада (Телеарналарда) Үгіт материалдарын таратқаны үшін төлем жасау Агенттік ұсынған төлем шоты негізінде шот берілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Телеарнаның меншік иесі жазбаша өтініштерді 2019 жылғы 06 мамырдан бастап 2019 жылғы 03 маусымды қоса алғандағы мерзімге дейінгі аралықта, демалыс және мереке күндерін есептемегенде, сағат 10:00 бастап сағат 18:00 дейін (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша), (үзіліс уақыты – сағат 13:00 бастап сағат 14:00 дейін), Нұр-Сұлтан қаласы, Д. Қонаев көшесі, 4, 8-қабат, 5-кеңсе мекенжайы бо      йынша (телефоны: 8(7172)757556, 8(7172)757554) қабылдайды.

Жазбаша өтініштер факсимильді және Интернет байланыс арқылы қабылданбайды.

«Хабар» Агенттігі» АҚ

Хабар 24 телеарнасы