378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еліміздегі 52 ауылдың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы ретке келтіріледі

  • 99
  • UPD: 14:24, 29.04.2019

Жыл соңына дейін еліміздегі 52 ауылдың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы ретке келтіріледі.

Бұл ретте басымдық халқы тығыз орналасқан, уақыт оздырмай шешуді талап ететін мәселелері көп аудан орталықтарына беріледі. Бір ауылға бөлінетін қаражат 670 миллион теңгенің шамасында. Бұл туралы да бүгін Үкімет отырысында айтылды. Тұрғындардың тұрмысын түзеу үшін 2019 жылдың соңына дейін барлығы 454 шара жоспарланған. Жалпы «Ауыл - ел бесігі» жобасы аясында 2025 жылға дейін 2 мыңға жуық елдімекеннің әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын жаңғырту көзделіп отыр.

Жеңіс Қасымбек, ҚР Премьер-министрінің орынбасары:

- Биыл 30 миллиард теңге республикалық бюджеттен бөлініп жатыр. Биыл 52 аудан орталығына қаражат барады. Қосымша әкімшіліктер өздерінің бюджетінен қарастырып жатыр. Кәсіпкерлер, меценаттар осы бағдарламаға қосылып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы