378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында «Ауыл – ел бесігі» аясында 80-ге жуық нысан жаңартылады

  • 132
  • UPD: 17:00, 29.04.2019

Алматы облысында осы «Ауыл – ел бесігі» жобасы аясында 80-ге жуық нысан жаңғыртылып, кейбірі жаңадан салынады.

Үш жылдық жоспарға сәйкес, ауыл ішіндегі көшелер, су мен кәріз жүйелері жөнделіп, мектеп, аурухана, мәдениет үйлері сияқты әлеуметтік нысандар бой көтереді. Биылдың өзінде ұлттық экономика министрлігіне 20 жобаға қатысты өтінім жолданған. Әзірге соның төртеуі мақұлданды. Су мен кәріз жүйесіне қатысты бұл жобаларды жүзеге асыруға республикалық бюджеттен 1 миллиард 200 миллион теңге бағытталады. 

Азамат Бейсбаев, Алматы облыстық энергетика және ТКШ басқармасының бөлім басшысы:

- Қарасай ауданында Жандосов, Қырғауылды ауылдары және Талғар ауданындағы Талдыбұлақ ауылының кәріз жүйелерінің құрылысы. 1,2 млрд теңге республикалық бюджетті нақтылау кезінде бөлінді осы төрт жобаның іске асырылуына. Енді 2020-2022 жылдарға тізбе қалыптастырылып жатыр, өтінім берілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы