378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚХА сессиясында Нұрсұлтан Назарбаев жаңа орынбасарларын таныстырды

  • 146
  • UPD: 15:51, 29.04.2019
ҚХА сессиясында Нұрсұлтан Назарбаев жаңа орынбасарларын таныстырды assembly.kz

Елордада өтіп жатқан Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы барысында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жаңа орынбасарларын таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өздеріңіз де білесіздер, біз әрбір сессияда ротация тәртібімен, сіздердің келісімдеріңізбен түрлі этно-мәдени бірлестіктердің атынан Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының екі орынбасарын тағайындаймыз. Ассамблея кеңесінің ұсынысымен, ҚХА Төрағасының орынбасары қызметіне «Вайнах» шешен-ингуш қоғамының мәдениетін дамыту Қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма мүшесі Юсуп Келигов пен өзбектердің «Дустлик» республикалық қауымдастығының сарапшысы Шерзод Пулатов тағайындалды», - деді ҚР Тұңғыш Президенті.

Елордада ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы өтіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы