379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Сайлау науқанына «Аманат» азаматтық платформасы мониторинг жасайды

  • 284
  • UPD: 23:41, 29.04.2019
Сайлау науқанына «Аманат» азаматтық платформасы мониторинг жасайды

Сайлау науқанына қоғамдық мониторинг жасау мақсатында «Аманат» азаматтық платформасы құрылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдағы Президент сайлауының ашық әрі әділ өтуіне мүдделі кез келген ел азаматы осы ұйымға тіркеліп, бақылаушы міндетін атқара алады. Бүгін осы платформаны құрушы белсенді топ өз мақсат-міндеттерін ортаға салып, концепцияларын ұсынды. Құрамына бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғамдық ұйым өкілдері, сарапшылар кірген қоғамдастыққа әлеуметтік ортадан сайлауға қатысты 250-ден аса өтініш келіп түсіпті. Сарапшылар олардың ішінен ең өзекті деген бесеуін іріктеп алып, негізгі бағыттарды әзірледі. «Аманат» қоғамдастығының мүшелері алдымен сайлау өткізуге дайындық барысын тексеруді көздейді. Елдегі тоғыз мың учаскедегі әзірлік жұмыстары, қызмет ететін адамдар өз құқықтарын біле ме деген сұрақтар төңірегінде мониторинг жүргізіледі. Сонымен қатар дауыс берушілерді ақпараттандыру да назарға алынады.

Мұрат Әбенов, қоғам қайраткері:

- Басты мәселе, біз қазір әрбір адамның құқығы бұзылмауын қамтамыз етуіміз керек. Қоғамды көтеруіміз керек. Мысалы, ол үшін барлық облыстарда бізге қосыламын деген азаматтар барып тізімдерді көруге және сайлау учаскелерімен байланыс жасауға дайын. Тексеруге. Егер азаматтар менің құқығым бұзылды дейтін болса, әрқайсысына үлес қосуға дайын.

Хабар 24 телеарнасы