378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


БҚО-да 1800 студент жатақханаға зәру

  • 174
  • UPD: 23:40, 29.04.2019
БҚО-да 1800 студент жатақханаға зәру Егемен Қазақстан

Батыс Қазақстан облысында студенттер үшін 5 жатақхана салынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазіргі уақытта өңірдегі 4 жоғары оқу орнында 30 811 студент оқып жатыр. Мұндағы аграрлық техникалық және инновациялық технологиялар университеті өз студенттерін толық қамтамасыз етіпті. Ал жоғары оқу орындарында оқитын 500 студент пен колледждерде білім алып жатқан 1300 шәкірт жатақханаға мұқтаж.    

Аян Сакошев, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы:

- Негізгі мақсат – қалған 1800 адамға сұраныс болған жатақханлармен қамтамасыз ету. Бүгінгі күні 5 жатақханаға жер телімі берілді. Олардың жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалып, сараптамадан өтуде. Яғни бұл рәсімдер аяқталғаннан кейін қаржыландыру көздері шешіліп, құрылыс басталады.

Хабар 24 телеарнасы