379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда трамвай паркі жаңартылып жатыр

  • 123
  • UPD: 23:40, 29.04.2019
Павлодарда трамвай паркі жаңартылып жатыр

Павлодардың трамвай депосы 4 жаңа вагонмен толықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жеңіл рельсті қоғамдық көліктер Беларусь елінде жасалған. Жалпы, трамвай паркін жаңарту бойынша жасалған келісімшартқа сәйкес 2,7 миллиард теңгеге 23 вагон алу жоспарланған. Қыркүйек айында тағы 9 трамвай жеткізу жоспарда бар. Жалпы, көліктердің 30 проценті жаңартылмақ. Өйткені 70-жылдары шығарылған ескі техникалар әлі күнге дейін қолданыста жүр. Ал жаңадан алынған трамвайлардың артықшылығы, қыста жылы. Жолаушылар үшін қолайлы тұстары көп. Автоматтандырылған жүйеде басқарылады.

Ольга Мануковская, трамвай жүргізушісі:

- Жүргізушіге арналған монитор бар. Мысалы, мен жүріп келе жатып жылдамдықты көріп отырамын. Алға немесе артқа қозғалғаным, тоқтағаным, есіктің ашылып-жабылғаны – бәрі көрінеді. Жолаушылардың талабы бойынша тоқтауға арнайы басқыш қарастырылған.

Виталий Сирик, трамвай басқармасы төрағасының орынбасары:

- Барлығы 13 трамвай болады. Маусым айында екі, шілдеде екі, тамызда 3 және қыркүйекте екі трамвай келеді. Трамвай вагондарын жеткізу осымен тоқтайды. 2018 жылы әкелінген 10 трамваймен барлығын қосқанда 23 жаңа вагон болмақ. Осылайша трамвай басқармасын жаңғырту бағдарламасы аяқталады.

Хабар 24 телеарнасы