379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда «Сарапшы» саяси клубының алғашқы отырысы өтті

  • 119
  • UPD: 23:39, 29.04.2019
Қостанайда «Сарапшы» саяси клубының алғашқы отырысы өтті

Басқосуға «Елбасының Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы рөлі» атты тақырыбы арқау болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тұңғыш Президенттің саясат, экономика, білім салаларында қабылданған бағдарламары мен халықаралық аренадағы мәртебесі айтылды. Клуб мүшелері еліміздің тәуелсіздік кезеңіндегі жетістіктерін саралай келе саяси партиялардың жұмысы мен сайлауға қатысты пікірлерімен бөлісті.

Абылайхан Кәкенов, облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы:

- Сарапшылар құрамына саяси партиялардың өкілдері, үкіметтік емес сектордың мүшелері, одан кейін ғылым, мәдениет салаларының еңбек сіңірген азаматтары кіреді. Тақырыптары өзгеріп отырады. Регламент бойынша тоқсанына кемінде бір рет деп белгіленген. Бірақ клуб мүшесінің бастамасы бойынша одан да көп отырыстар өткізе аламыз.

Хабар 24 телеарнасы