378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Mega Silk Way-дің 25 миллионыншы қонағы тіркелді

  • 159
  • UPD: 23:37, 29.04.2019

Mega Silk Way-ге ойыншық көлік алуға келген жас отбасы 1 млн теңгені еншілеп қайтты, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Меруерт Айтбаева мен Данияр Ділдәбеков елордадағы ең ірі сауда ойын-сауық орталығының 25 миллионыншы қонағы болып тіркелді.

Mega Silk Way-дің кіреберісінде орталыққа келушілерді есептейтін арнайы құрылғы орнатылған. Жақында оның көмегімен сауда орнына демалуға келген 25 миллионыншы қонақ тіркелді. Жалпы Mega Silk Way айына орташа есеппен 1 млн адам қабылдайды. Жыл басынан бері мұндағы меймандардың саны өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 9 процентке өсті.

Меруерт Айтбаева, қала тұрғыны:
- Біз негізі Mega-ға келеміз деп ойлаған жоқпыз. Қызымызға самокат аламыз деп аяқ астынан келдік. Ол самокат сұрады. Содан келдік. Бірақ сол күні самокат алған жоқпыз. Бірақ ол кезде біз әлі білген жоқпыз. 2-3 күннен кейін хабарласып: «сіз 25 миллионыншы келуші болдыңыз» деп айтты.

Mega-ның құрметті мейманы болған Меруерт пен Даниярға 1 млн теңгеге сауда жасауға сертификат табысталды. Жас отбасы мұндағы 280 дүкеннен қалаған киімдері мен заттарын ала алады. Сондай-ақ мейрамханаларда ас ішіп, ойын-сауық алаңдарында уақыт өткізуге мүмкіндік те бар.

Меруерт Айтбаева, қала тұрғыны:
- Біз үйге техника аламыз. Қызымызға ойыншық, киім, самокат аламыз. Өзімізге киім, телефон сияқты нәрселер. Mega, біріншіден, өте үлкен, кең. Ауасы көп. Өте жарық. Сонымен ұнайды. Өте ыңғайлы сезінемін.

Бүгінде бұл сауда орталығында дүкендерден бөлек субұрқақтар, экзотикалық балықтары бар аквариум, құстар мен арт-нысандарды да кездестіруге болады.

Хабар 24 телеарнасы