378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Танымал ақын жасотандықтармен кездесті

  • 199
  • UPD: 23:36, 29.04.2019
Танымал ақын жасотандықтармен кездесті

«Ұрпақтар сабақтастығы» жобасы аясында Алматыдағы Мәжит Бегалин атындағы кітапханада «Ұлттық бірлік – тәуелсіз Қазақстан іргетасы» деген тақырыпта кездесу өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары, танымал ақын Ақберен Елгезек жасотандықтарға жас қаламгерлер мен өзінің шығармашылығы туралы айтып берді. Ақын алғашқы өлеңін мектеп қабырғасында жаза бастапты. Ер жете келе лирикаға ойысқан. Қазір поэзия әлемінде салиқалы ой толғап, қоғамды толғантқан тақырыптарға қалам тартып жүрген ақын жастарға ұлтымыздың құндылықтары туралы әңгімелеп, адамгершілік, патриоттық тәрбие жөнінде ойларымен бөлісті.

Хабар 24 телеарнасы