378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та денсаулық сақтау саласындағы Қазақстанның бастамалары бағаланды

  • 118
  • UPD: 23:46, 29.04.2019

Халықаралық үкіметтік емес ұйымдар Қазақстанның денсаулық сақтау саласындағы бастамаларын жоғары бағалайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл тұрғыда Астана декларациясында бекітілген дәрігерлік көмектің қолжетімділігі, емдеудің тиімділігі және аурудың алдын алу жұмыстарын атауға болады.

Еске сала кетейік, мұндай құжат былтыр алғашқы медициналық көмек бойынша өткен жаһандық конференцияда қабылданған болатын. Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері халықтың түрлі топтары әл-ауқатына қарамастан медициналық қызметтермен тең дәрежеде қамтылуы керектігіне назар аударып отыр. Бұл мәселе БҰҰ-да күзде өтетін жаһандық форумның басты тақырыбы болмақ.  

Биркан Юнвер, Нью-Йорктегі үкіметтік емес ұйымның басшысы:

- Алғашқы медициналық көмек беру – қазірде талқыланып жүрген маңызды мәселе. Бөлек клиникалары бар жекеменшік медицинаға көп көңіл бөлініп жүргенін байқап жүрміз. Онда 5 жұлдызды мейманханадағыдай жағдай жасалған, бірақ бұл білікті және тәжірибелі дәрігерлері бар екенін білдіре ме? Осыған қоса олар өздеріне көбірек науқасты тартуға тырысып жүр, мұнда ем сапасы емес, пайда үшін жарыс жүріп жатыр. Алғашқы медициналық көмектің қолжетімділігі мәселесін көтеріп жүрген Қазақстанға алғыс айтамыз. Осының арқасында науқастардың лайықты ем алуға үміті бар.  

Хабар 24 телеарнасы