378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайлық сарапшылар Елбасының халықаралық аренадағы мәртебесі туралы пікір бөлісті

  • 135
  • UPD: 09:52, 30.04.2019

Қостанайда «Сарапшы» саяси клубының алғашқы отырысы өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Басқосуға «Елбасының Қазақстанның қалыптасуы мен дамуындағы рөлі» атты тақырыбы арқау болды. Тұңғыш Президенттің саясат, экономика, білім саласында қабылданған бағдарламары мен халықаралық аренадағы мәртебесі айтылды. Клуб мүшелері еліміздің тәуелсіздік кезеңіндегі жетістіктерін саралай келе, саяси партиялардың жұмысы мен сайлауға қатысты пікірлерімен бөлісті.

Абылайхан Кәкенов, облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы:

– Сарапшылар құрамына саяси партиялардың өкілдері, үкіметтік емес сектордың мүшелері, ғылым, мәдениет саласының еңбек сіңірген азаматтары кіреді. Тақырыптары өзгеріп отырады. Регламент бойынша тоқсанына кемінде бір рет белгіленген. Бірақ клуб мүшесінің бастамасы бойынша одан да көп отырыстар өткізе аламыз.

Хабар 24 телеарнасы