378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтаулық аналар әскердегі балаларының жағдайымен танысуға мүмкіндік алды

  • 116
Ақтаулық аналар әскердегі балаларының жағдайымен танысуға мүмкіндік алды

Ақтаулық аналар еліміздің түкпір-түкпірінде Отан алдындағы борышын өтеп жатқан ұлдарының жағдайымен танысуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

200-ге жуық ата-ана Ұлттық ұланның басшыларымен жүздесті. Сарбаздардың әлеуметтік жағдайы, әскердегі тәртіп жайы талқыланды. Кездесу елімізде бастау алған «Біздің Елбасы» патриоттық шарасы аясында өтті. Шара барысында генерал-майор Мұхаметқали Сатов бастаған әскерилер қоғамдық ұйым өкілдеріне, жастарға Ұлттық ұлан жауынгерлерінің ерлік әрекеттері туралы әңгімелеп, олардың қызметіне құрметпен қарауға шақырды. Сонымен қатар Ұлттық ұланның ансамблі екі күн бойы қарт Каспийдің жағасын патриоттық ән мен жырға бөледі.

Хадиша Бижанова, қала тұрғыны:

– Баламызбен аптасына 2-3 рет хабарласып тұрамыз. Жағдайымыз жақсы дейді, тамағымыз тоқ дейді. Сонда да өзіміз командирдің аузынан естігіміз келіп отыр. Осындай кездесулер жиі болып тұрса екен. Балаларымыздың жағдайын біліп отыратын.

Мұхаметқали Сатов, ҚР Ұлттық ұлан бас қолбасшысының орынбасары:

– Біздің Тұңғыш Президентіміз – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтқандай «Рухани жаңғырудағы» ұлттық кодты сақтауымыз керек. Ұлттық код не? Ол – тарихымызды білу. Салт-дәстүрімізді сақтау. Жас азаматтарымызды тәрбиелеу. Осындай үлкен жұмыстарды жасағалы отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы