379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жастар жылына орай Лондон-Нұр-Сұлтан халықаралық велошеруі басталды

  • 190
  • UPD: 13:03, 30.04.2019

Ұлыбритания астанасында Қазақстан халқының бірлігі күніне және Жастар жылына арналған «Бейбітшілік және бірлік» халықаралық велошеруі басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Велосипедшілер Еуропаның бірнеше мемлекетін аралап, елордаға оралады.

Ғалымжан Қараманұлы, тілші:

– Сапар барысында 6 қатысушы 7 елдің аумағын велосипедтерімен еңсеріп өтулері қажет. Жолда шатыр ішінде түнеп, жапан далада тамақтануларына да тура келеді. Бастан кешкен оқиғаларын фото-видеоға түсіріп, әлеуметтік желілер арқылы бөлісіп отырмақ.

«Ауқымды шараның негізгі мақсаты – Қазақстанның танымалдылығын арттырып, ең басты құндылығымыз халықтар достығы мен бірлігін дәріптеу», – дейді ұйымдастырушылар Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақ географиялық қоғамы және Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі.

Төлеген Тастанбеков, «Қазақ географиялық қоғамы» ҚБ президенті:

– Біздің велошеруіміздің аты – «Бейбітшілік және бірлік». Ол бүгін Лондонда басталып жатыр. Содан кейін Франция, Бельгия, Германия, Голландия, Польша, Беларусь және Ресей елдерінің жолдарымен жүріп өтеді.

Міне велошеру де басталып кетті. Команда мүшелері кәсіпқой спортшылар болмағанымен, өз-өздеріне сенімді әрі кептелістерді оңай айналып өтіп жатыр. Себеп, Лондонда велосипедшілерге барлық жағдай жасалған.

Азамат Атантай, велошеруге қатысушы:

– Арамызда әр түрлі жастағы жастар, ұлт өкілдері бар. Тіпті қыздар да бізбен бірге еріп жүр. Біз бірлік, татулық және салауатты өмір салтын насихаттағымыз келеді.

Велошабандоздар екі ай ішінде Еуропаның 50 қаласында болып, саяхаттарын Нұр-Сұлтанда Елорда күні қарсаңында аяқтауды жоспарлап отыр.

Авторы: Ғалымжан Қараманұлы

Хабар 24 телеарнасы