378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда балалар қатысуымен болатын қылмыс саны 5% азайған

  • 130
Қазақстанда балалар қатысуымен болатын қылмыс саны 5% азайған TUT.by

Елімізде балалардың қатысуымен болатын қылмыс көлемі соңғы жылы 5 процентке азайды.

Ал арнайы тіркеуде тұрғандар саны 9 мыңнан 7 500-ге төмендеді. Бұл туралы бүгін балалар мүддесін қорғау тақырыбында өткен республикалық жиында айтылды. Оған қатысушылар заңмен байланысты болған жасөспірімдерді қолдап, қоғамға бейімдеу мәселелерін талқылады. Осы мақсатта заңға бірқатар өзгеріс енгізіліп, оның тетіктерін тиімді пайдалану жағы сөз болды. Бұған қоса, отандық мамандар балалар құқығын қорғауға қатысты халықаралық стандартты елімізге енгізуді көздеп отыр.

Хабар 24 телеарнасы