379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


М.Әшімбаевтың қатысуымен өткен пікірталас жаңа әлемдегі жастар келбетіне арналды

  • 183
  • UPD: 19:22, 30.04.2019

Жаңа әлемдегі жастар келбеті. Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевтың қатысуымен өткен пікірталас осы тақырыпқа арналды.

Әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирде көрсетілген бағдарламада жастар саясаты қамтылды. Оның ішінде, студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету, оларға білім беру сапасын арттыру, ізінше жұмысқа орналастыру және жеке кәсібін дөңгелетуіне жағдай жасау туралы сөз болды. Сонымен қатар жаһанда жоғары сұранысқа ие 100 мамандықты игеру үшін 300 мыңға жуық жасты кезең-кезеңмен оқыту жобасы қаузалды. Стратегиялық мақсатты орындау үшін ауыл жастарына да ерекше басымдық беріліп отыр.

Мәулен Әшімбаев, Nur Otan партиясы төрағасының бірінші орынбасары:

- Жастарды жұмыспен қамтуға байланысты Nur Otan партиясы не істеп жатыр дегенге келетін болсақ, Елбасымыз Жастар жылын ашқан кезде нақты тапсырма берген болатын. Ауыл жастарына байланысты, әрине, біраз проблемалардың бары белгілі. Бұл жердегі ең басты мәселе, менің ойымша, ауыл жастарына білім беруіміз керек. Білім жүйесі жақсы болуы керек ауыл-аудандарда.

Хабар 24 телеарнасы