378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Биылғы президент сайлауында дауыс беру үшін мүгедек жандарға жағдай жасалады

  • 147
  • UPD: 20:55, 30.04.2019

Елімізде 11 млн астам сайлаушы бар. 1 қаңтарға дейінгі мәлімет осы. Дегенмен, саяси дода жақындағанда бұл  ақпарат әлі де нақтылана түспек.

Сайлау тәжірибесінде алғаш рет мүмкіндігі шектеулі жандарға да жағдай жасалады. Жалпы осы жолғы президент сайлауының бұған дейінгі өткен саяси науқаннан өзгешелігі қандай?  Сайлау өткізудің тәртібі қандай болмақ? 

Биылғы президент сайлауында учаскелік сайлау комиссиясының құрамы өзгереді. Бұрын ол 7 адамнан тұратын. Енді сайлаушылардың санына қарай комисиия мүшелері азаюы немесе көбейтілуі мүмкін. Бұл соңғы сайлау туралы заңға енгізілген өзгерістің бірі. Сайлаушылардың тізімі әлі де нақтылана түседі. Жергілікті атқарушы органдар бұл деректі сайлауға 20 күн қалғанда сайлау комиссиясына ұсынады.

Бақыт Мелдешов, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

- Биыл сайлаушылардың санына қарай 5,7 мүше болуы мүмкін. Сайлаушылардың саны аз болса оларға жеңілдеу болады.

Жалпы сайлау бірнеше кезеңнен тұрады. Президенттікке кандидаттарды ұсыну 28 сәуір күні аяқталды. Енді тіркеу жұмыстары жүргізіледі.Ол үшін үміткерлердің конституциялық талапқа сәйкестігі тексеріледі. Осы саяси науқанда президенттікке 9 адам ұсынылып, біреуі өтінішін қайтып алды. Комиссия ресми түрде қанша кандидат тіркегенін 11 мамырда хабарлайды.

Бақыт Мелдешов, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

- Қол жинау парақтарын жинаған кезде олардың дауыстарының растығын тексеру керек. Біз комиссияның отырыснда бәріне жариялағанбыз он күннің ішінде аумақтық комиссия олардың дауыстарының растығын тексеру керек еді. Біз оларға жеңілдік жасап 5 күнге дейін қысқарттық.

Саяси науқан алдында президенттікке кандидаттарды тіркеумен қатар,  сайлау бөлімшелерін дайындау шаралары жүріп жатыр. 9 мың 970 бөлімше 11 млн астам қазақстандыққа дауыс беруге жағдай жасауы тиіс. Шетелде жүрген отандастарымыз да өз таңдауларын жасай алады.  65 сайлау бөлімшесі 50-ден астам мемлекетте орналаспақ.

Константин Петров, ҚР ОСК төрағасының орынбасары:

- Орталық мәліметтер базасынан алынған 11 млн 814 мың 19 азаматтың дерегі тексеріледі. Мәселен,араларында келген- кеткені болуы мүмкін. Тізімге кәмелеткеттік жасқа жасқа жеткендерді қосамыз.  Біреулер  елден кетіп, басқа мемлекеттің азаматтығын алуы да мүмкін. Елдің келешегі үшін дауыс беру - әрбір қазақстандықтың парызы. Студенттер немесе  іссапармен басқа аймақта жүрген сайлаушылар да есептен шығару куәлігі арқылы  сайлауға қатыса алады.

Осы сайлауда мүмкіндігі шектеулі жандарда өздері барып дауыс береді.Жалпы елімізде мүгедектердің саны 700 мыңға жуық. Олар үшін барынша қолайлы жағдай жасалады. Яғни сайлау бөлімшелері ғимараттардың бірінші қабаттарында орналасады. Арнайы кабиналар болады. Көзі нашар көретіндер мен зағиптар үшін  аудиоқұралдар, нашар еститіндер үшін сурдоаудармашылар тартылады. Бұл біздің біздің сайлау тәжірибемізде алғаш рет қолға алынып отыр.

Хабар 24 телеарнасы