378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» арнасынан «Религия сегодня» бағдарламасы көрерменге жол тартады

  • 150
  • UPD: 22:07, 30.04.2019

«Хабар» арнасында жаңа жоба! 3 мамырдан бастап «Религия сегодня» бағдарламасы көрерменге жол тартады.

Дін дегеніміз не? Діни сауатсыздық қоғамға қандай қауіп тудыруы мүмкін? Өзге діннің ағымында кетпес үшін не істеу керек? Осы және өзге де өзекті сауалдар жаңа бағдарламада талқыланады.

- Как молодежь направить в правильное русло?

«Религия сегодня» бағдарламасына арқау болатын алғашқы тақырып діни сауаттылық. Иә, діни ағымдардың жетегінде кеткен, адасып жүрген жандар ел ішінде жетерлік. Олар өзіне ғана емес, айналасына да қауіп төндіреді. Дін дегеніміз әлемді байланыстыратын күш десек, діни сауатсыздық - экстремизмнің бастауы. Мәселен, мұсылмандық парызымды өткерем деп кезінде Сирияға кеткен қазақстандық жастар жат ағымның құрбанына айналды. Арнайы дінді зерттеп, байыбына баратындар, ақиқатын іздейтіндер аз. «Религия сегодня» бағдарламасы көпшіліктің көкейінде жүрген көптеген сауалдарға жауап бермек. Жаңа жобаның орыс тілінде шығуының өзіндік себебі бар.

Мақсатбек Қайырғалиев, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің ұстазы:

- Біздің көрермендердің арасында қазақ тілін жетік білмейтін, қазақ тілін мүлдем түсінбейтін мешітке келіп жүрген бауырларымыз өте көп. Орыс тілді жамағатқа арналған діннің терең мағынасын, мазмұнын түсіндіретін бағдарламалар өте аз еді. «Хабар» телеарнасының жаңа жобасы көрерменге жол тартқанда орыс тілді көрермендеріміз өздерінің көптеген сұрақтарына жауабын табады деп ойлаймын.

Жалпы мемлекеттегі діни ұстаным ұлттың мәдениетімен, толеранттылықпен тығыз байланысты болуы шарт. Осыны жастар санасына сіңіру көзделген. Бағдарламаға дінтанушы ғалымдар, саланың білікті мамандары шақырылып, қоғамдағы түйткілді мәселелер талқыланады. 

Дәулет Тойкенов, «Религия сегодня» бағдарламасының режиссері:

 - Қазіргі таңда Сирияда да неше түрлі жағдайлар болып жатыр. Өз Қазақстанымыздың арасында өңір-өңірлерде неше  түрлі жағдайлар болып жатқаннан кейін жасөспірімдердің әрқандай буындарға бөлініп кетпесе екен, біздің болашағымыз ғой бұлар.

«Религия сегодня» бағдарламасының жүргізушісі белгілі журналист Руслан Оспан. 3 мамырдан бастап, әр жұма сайын сағат 17:30 көрермен назарына ұсынылады. Аптасына бір мәрте шығатын 20 минуттық бағдарлама.

Авторлары: Гүлмайра Қуатбайқызы, Аманжол Байғазин

Хабар 24 телеарнасы