379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Денсаулық пойызы» еліміздің шалғай аудандарына жол тартты

  • 124
  • UPD: 22:08, 30.04.2019

Еліміздің шалғай ауыл тұрғындарына тегін медициналық көмек беретін пойыз жолға шықты.

Алматы қаласынан бастау алған жоба аясында 14 облыс қамтылады. Сөйтіп, өз жұмысын жыл соңында аяқтайды. Алматыдан кейін дәрігерлер тобы Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарына барады. Бұдан әрі «Денсаулық пойызы» батыс аймақтарға, кейін оңтүстікке бағыт алады. Жалпы алғанда пойыз 195 бекетке тоқтап, жүріп өту қашықтығын 19 мың шақырымға жеткізуі тиіс. Қызмет көрсету барысында, дәрігерлер неміс және жапон өндірісіндегі заманауи диагностикалық жабдықтарды қолданбақ. Айта кетейік, медициналық бригадалардың құрамында терапевт, тіс дәрігері, окулист және маммолог сынды мамандар бар.

Асқар Хорошаш, ҚР ДСМ медициналық көмекті ұйымдастыру департаментінің директоры:

- Бригада құрамына кез келген көмек көрсететін дәрігерлер енді. Олар зертханалық тексерулер жүргізіп, УДЗ, рентген аппараттарына да түсіре алады. Сондай-ақ тіс дәрігерлері қызмет көрсетеді. Биылғы шараның ерекшелігі пойызда міндетті медициналық сақтандыру қорының өкілдері де болады. Олар тұрғындарға жаңашылдықтың жай-жапсарын түсіндіруі тиіс.

Хабар 24 телеарнасы