389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Семейде жайлы саябақ пайда болады

  • 444
  • UPD: 22:48, 30.04.2019
Семейде жайлы саябақ пайда болады

Осыдан бірнеше жыл бұрын уәде етілген Орталық саябақты қалпына келтіру жұмыстары биыл басталады.

Жобалаушылардың айтуынша, саябақта заманауи жарық құрылғылары, еуропалық стильдегі сәулетті мүсіндер орнатылады. Көгалдандыруға да ерекше мән беріледі. Ескі ағаштардың орнына жас көшеттер егіледі.Нысанды жөндеуге облыстық бюджеттен 1 миллиард теңге бөлінбек. Айта кетерлігі, Орталық саябақ бұдан жүз жыл бұрын құрылыпты.

Амантай Өтелбаев, қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

- Тұрғындардың жайлы демалысы үшін барлық жағдай жасалатын болады. Бұл саябақ  еңбектеген баладан еңкейген қариялардың да сүйікті орнына айналады деген ойдамыз. Демалыс, мереке күндері осы жерде түрлі концерттік бағдарламалар өткізілетін болады.

Хабар 24 телеарнасы