389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Депутаттар Ертіс өңіріндегі әлеуметтік қолдау жұмыстарымен танысты

  • 321
  • UPD: 23:55, 30.04.2019

Ертіс өңірінде халықты әлеуметтік қолдау бағытында атқарылып жатқан жұмыстармен Парламент Мәжілісінің депутаттары танысты.

Халық қалаулылары облыс орталығына келіп, кардиохирургиялық орталықтың ұжымымен кездесті. Онда денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік қолдау салаларында атқарылған шаралар сөз болды. Бүгінде елімізде тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы аналарға қолдау көрсету бойынша тиісті шаралар қолға алынған. Депутаттар эконмоиканың әлеуметтік маңызды салаларының үш жылдық бюджеті қабылданғанын жеткізіп,  үш трлн. теңгеден астам қаржы бөлінетінін айтты.

Ольга Шишигина, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- Көп балалы отбасылар үшін бөлек кезек болады. Олар бүгінде жалдамалы тұрғын үйді паналаса да кезегі жоғалмайды. Себебі бұл олардың заңды құқықтары. Әлеуметтік қолдау аясында кезекте тұру, пәтер беру үрдісі қатаң бақыланады.

Хабар 24 телеарнасы