378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында атаулы әлеуметтік көмектің арқасында 2580 адам өз ісін ашқан

  • 119
  • UPD: 21:39, 02.05.2019

Өткен жылы Түркістан облысында 173 мың азаматқа 2,8 млрд теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек берілген.

Оның ішінде 2580 адам өз ісін ашып, кәсіпкер ретінде тіркелді. Сондай-ақ 54 мың азамат Нәтижелі жұмыспен қамту бағдарламасына қатысқан. Ал Созақ ауданында 2018 жылы 468 отбасы атаулы әлеуметтік көмектің игілігін көрді. Оларға 129 млн теңге көлемінде қолдау көрсетіліпті. Ал биылғы жылдың сәуір айына дейін ауданда 977 отбасы атаулы әлеуметтік көмек алу үшін өтініш білдірген. Олардың 777-сіне көмек тағайындалып, 797 млн теңге қаржылай қолдау көрсетілді. Бір реттік көмек алып, өз ісін ашқандардың бірі – Ержан Оразханов. Жас жігіт отбасының жалғыз асыраушысы. Анасы мен іні-қарындастарына қамқор. Аз қамтылған отбасынан шыққандықтан, бағдарламаға қатысып, өтініш берген. Нәтижесінде 360 мың теңге көлемінде көмек алып, оған тігін машинасын сатып алыпты. Енді 5 адамды жұмыспен қамтып, айлық төлеп отыр. Түрлі киімдер тігіп, тапсырыс қабылдайды. Болашақта ісін кеңейтуді де жоспарлап отыр.

Ержан Оразханов, аудан тұрғыны:

- Атаулы әлеуметтік көмектің арқасында қазір жұмыс жасап жатырмыз. Мұнда жұмысшылар жұмыс істеп жатыр. Қазір тапсырыстарымыз көп. Құдайға шүкір, осы көмекті қолдаған атаулы әлеуметтік көмектің басшылығына, Елбасымызға рақметіміз айтамыз.

Хабар 24 телеарнасы