378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында суармалы жерлердің көлемі ұлғаяды

  • 110
  • UPD: 08:02, 01.05.2019
Түркістан облысында суармалы жерлердің көлемі ұлғаяды

Түркістан магистральды каналын толығымен ағын сумен қамтамасыз ету мақсатында Сырдария өзенінен секундына 20 текше метр су өткізуге қабілетті 3 көтерме сорғы қойылады.

Бұл үшін ұзындығы 53 шақырым болатын канал қазылады. Оның 20 шақырымы – арық, 17 шақырымы – құбыр, 15 шақырымы бетондалады. Нәтижесінде қосымша 80 млн текше метр ағын су жеткізіледі. Бұл туралы Түркістанда өткен Парламент Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің көшпелі отырысында айтылды. Сондай-ақ жиында сыйымдылығы 16 млн текше метр болатын «Кеңсай-Қосқорған 2» су қоймасын салу ұсынылды. Сонымен қатар мамандар Кентау қаласының аймағында ұзындығы 54 шақырым болатын Түркістан магистральды каналын бетонмен қаптау арқылы 60 млн текше метр фильтрленген ағын суды үнемдеуге болатынын сөз етті. Нәтижесінде жылына қосымша 3 млрд 755 млн теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, 1500 жаңа жұмыс орны ашылмақ.

Ерлан Нысанбаев, ҚР ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары:

- Түркістан обылсы бойынша 95 мың гектар көзделіп отыр. Еуропа даму банкі бойынша 25 мың гектар, ал жергілікті атқарушы органдардың қаржысы есебінен 9 мың гектар және бизнес арқылы 49 мың гектарды іске қосу жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы