389,59 429,68 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте белсенділер көлік жүргізушілерін пара беруден бас тартуға шақыруда

  • 334
  • UPD: 08:07, 01.05.2019
Шымкентте белсенділер көлік жүргізушілерін пара беруден бас тартуға шақыруда

«Сыбайлас жемқорлықты ауыздықтау үшін әуелі көлік жүргізушілерінің құқықтық білімі жоғары болуы қажет. Сонымен қоса жол ережесін жақсы білуі керек», – дейді «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің белсенділері.

Олар осы мақсатта Шымкентте «Адалдық жолында» атты жол-патрульдік полиция қызметкерлерімен бірлескен рейд өткізді. Шарада көлік тізгіндеген жүргізушілерге арнайы мониторинг тобының мүшелері түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Бұл жоба қала тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді. Рейд барысында қаладағы жол қозғалыс ережелері бойынша құқық бұзушылықтар анықталып,  сол жерде әкімшілік хаттамалар толтырылды. Шаһарда бұл шара 3 мамырға дейін жалғасын табады.

Ерасыл Төлебаев, «Шымкент – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі:

- Халыққа түсіндіріп жеткізіп айту керек. Пара, ақша беруге болмайды. Егер сіз жол ережесін бұзсаңыз, ақша бермеңіз. Оны жол ережесін бұзғаннан кейін өзіңіздің айыппұлыңызды төлеу керек деп түсіндіру жұмыстарын өткізіп жатырмыз.

Хабар 24 телеарнасы