389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында ауланған үй жануарларының суреттері әлеуметтік желіге салынуда

  • 311
  • UPD: 08:10, 01.05.2019
Алматы облысында ауланған үй жануарларының суреттері әлеуметтік желіге салынуда

Алматы облысының ветеринарлары ауланған ит пен мысықтардың суретін әлеуметтік желіге сала бастады.

Сол арқылы төрт аяқтыларды екпемен өлтірмей, иелеріне қайтарып жатыр. Жыл басынан бері мамандар 90 шақты үй жануарының иесін тапқан. Оларға итті қараусыз жібермеу және аулада ұстау ережелері түсіндірілді. Қазіргі таңда  ветеринарлық станциялардың барлығында арнайы орталықтар жұмыс істейді. Онда әкелінген ит пен мысық үш күн бойы екі уақыт тамақтандырылып, күтім көрсетіледі. Жалпы, өткен жылы сала қызметкерлері 37 мыңнан астам үй жануарын ұстаған. Биылғы 4 айда бұл көрсеткіш 17 мыңнан асып отыр. 

Айдар Әбілқасымов, Ескелді аудандық ветеринарлық станциясы директорының орынбасары:

- Жыл басынан 382 ит пен мысық ауланды. 30 иттің иелері бар, асырап алушылар қарауына алып кетті.

Хабар 24 телеарнасы