378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлда көне револьвер табылды

  • 85
  • UPD: 08:14, 01.05.2019
Петропавлда көне револьвер табылды

Петропавл қаласының тұрғыны раритеттік револьвер тауып алды.

Ол жақында ғана сатып алған жер аумағында жұмыс істеп жүріп қапқа тап болған. Оның ішінен екі қосауыз мылтық пен тапанша шықты. Божеткен қыз қару-жарақтарды бірден полицейлерге апарып берген. Сараптама қорытындысы бойынша оның бірі 30-жылдары шығарылған өте сирек кездесетін наган револьвері екенін анықталды. Енді қала тұрғынына қаруларды тапсырғаны үшін 130 мың теңге беріледі. Өңірде осы бойынша арнайы акция жүріп жатыр.  

Ерболат Қабыров, облыстық ПД әкімшілік полиция басқармасының аға инспекторы:

- Егер адам өз аумағында және басқа жерде бір қару-жарақ тауып алса, ол 102-ге хабарласуы керек. Біз оны акция бойынша сатып аламыз. Егер бермей, өзінде сақтауы заңсыз болып саналады. Оған әкімшілік акция біткен соң әкімшілік хаттама жазылып, ол заңсыз болып саналады.

Хабар 24 телеарнасы