378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атырауда грузин биін үйренгісі келетіндер үшін тегін орталық жұмыс істейді

  • 72
  • UPD: 10:28, 01.05.2019

Еліміздегі этно-мәдени бірлестіктер ішкі қоғамдық-саяси тұрақтылық пен ынтымақ қана емес өнер, мәдениет пен рухани өмірдің дамуына да күш салуда.

Мәселен, Атыраудағы «Иверия» аталатын грузин этно-мәдени бірлестігі талабы бар кез келген бүлдіршінді би өнеріне баулуда. Атап өту керек, өнерге құлшыныс танытқан жастар бұл орталықта би өнерін меңгергені үшін еш ақы төлемейді.   

Би үйірмесіне келушілер үшін әр кеш мереке секілді. Өйткені өнерде ұлт пен ұлысқа шекара жоқ. Әсіресе тау халықтарының саз өнері қанды қыздырып, көпшілікті өзіне тез тартуымен ерекшеленетіні белгілі. «Иверия» ансамблі облыста өтетін мәдени шаралардың бірде-бірінен кенде қалған емес. Бірлестік жетекшісі Зураб Бобохидзе ансамбль мүшелерін музыкалық құралдар, сахна киімі секілді барлық керек-жарақпен тегін қамтамасыз етеді. 

Зураб Бобохидзе, «Иверия» грузин эмб жетекшісі:

- Бұл игі істі өз міндетім деп есептеймін. Балаларды жанымдай жақсы көретіндіктен қолымнан келгенді аямаймын. Өйткені бүлдіршіндер бақытты болуы тиіс. Болашақ ұрпақ, мені қоршаған орта бақытты болса, менің де бақытты болғаным. Сондықтан жаным қалаған істі жүзеге асырып жатырмын.   

Мұнда қазір жылма-жыл бес жастан 15 жасқа дейінгі 120 бала би өнерін меңгеруде. Үйірмеде ондаған ұлт пен ұлыстың өкілдері тату-тәтті қарым-қатынас орнатқан.  

Нәзік Есенғали, ансамбль мүшесі:

- Менің осында достарым көп. Мен 6 жасымнан бастап осы би үйірмесіне қатыстым. Мен өскенде биші болғым келеді. 

Балалар би өнерін кәсіби деңгейде меңгеруі үшін Грузиядан арнайы маман да шақырылған. Сонымен қатар өткен ондаған жыл аралығында ансамбль ТМД, Қытай және Еуропа мен Батыс елдерінде өткен өнер додаларында топ жарып келеді.  

Авторлары: Бекен Әлирахым, Амантай Мәтенов, Жандос Рахметуллин

Хабар 24 телеарнасы