379.46 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-дағы оқу орнында алғашқы коворкинг орталық ашылды

  • 89
  • UPD: 10:18, 01.05.2019

Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті жанынан алғашқы коворкинг орталық ашылды.

Жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асып отыр. Жастардың сапалы білім алып, демалуына арналған орталықтың жұмысымен Парламент Мәжілісінің депутаттары да танысты. Халық қалаулыларымен кездескен студенттер толғандырған сауалдарын қойып, тұщымды жауап алды. Ал сұрақтардың басым бөлігі, жатақханамен қамту және «Серпін» бағдарламасына қатысты болды.

Кәрібай Мұсырман, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

- «Серпін-2050» бағдарламасын іске асыру туралы мәселе қарадық. Турасын айту керек, көңіл көншітерліктей емес. Өйткені өткен жылы жоғары оқу орындарын бітірген студенттердің 23% ғана барған жерде тұрақтап қалған. Колледждерді бітірген түлектердің 24% қалған. Бұл – ойландыратын мәселе. Жастарды «Серпін» бағдарламасымен барған жерлерінде 3 жылға міндеттеу туралы былтыр шешім қабылданды.

Авторлары: Самат Қайырденұлы, Руслан Әлиев

Хабар 24 телеарнасы