378.77 425.70 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қасым-Жомарт Тоқаев: Алматылық – қайталанбас бренд

  • 186
  • UPD: 12:43, 01.05.2019
Қасым-Жомарт Тоқаев: Алматылық – қайталанбас бренд

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыдағы Абай алаңында өтіп жатқан мерекелік іс-шараға қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Көктемнің осындай шуақты күнінде өзімнің туып-өсіп, мектеп табалдырығын аттаған, Қазақстан тәуелсіздігі үшін еңбек жолымды бастаған керемет қалада қонақ болу – мен үшін үлкен құрмет. Алматының аурасы ерекше. Алматылық – қайталанбас бренд және интернационалдылықтың шынайы үлгісі. Қазіргі уақытта бұл қала еліміздің іскерлік, қаржы, мәдени, білім және туристік орталығына айналды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сондай-ақ Президент Алматының жаңа жұмыс орындарын ашып отырған шағын және орта бизнес орталығы екенін атап өтті. Мемлекет басшысы қаланың ел тарихында ерекше рөл ойнағанын алға тартты. «Дәл осы жерде 1986 жылдың желтоқсанында бұрынғы Кеңес одағындағы барлық республикалардың әрі қарай дамуына ықпал еткен оқиға болды. Осы жерде Тәуелсіздігіміз туралы декларация қабылданды. Миллиондаған қазақстандықтардың және бүкіл еліміздің тағдыры Алматымен байланысты», – деп атап өтті Мемлекет басшысы. 

«Біздің басты мақсатымыз – халықтың әл-ауқаты мен өмір сапасын көтеру. Экология, инфрақұрылым, қоғамдық қауіпсіздік мәселелерін бірге шешуге тиіспіз. Қаламыз тұрғындарға қолайлы жағдай жасау және шетелдік қонақтардың жиі келуі бойынша көпке үлгі болып отыр. Бұл қуантады. Автокөлік және энергиямен қамту саласында экологиялық таза технологияларға көшетін уақыт келді. ЖОО түлектері мен жалпы жастарға жаңа жұмыс орындарын дәл осы Алматыдан ашамыз», – деді Мемлекет басшысы Бірлік күніне арналған мерекелік концертте.  

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Алматыда ежелден түрлі ұлттар мен этностар тұрып келеді. Олар бейбітшілік пен келісімнің сақталуына сүбелі үлес қосып жүр. 

Хабар 24 телеарнасы