389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астаналықтар мерекені тойлау үшін орталық алаңға жиналды

  • 277
  • UPD: 14:00, 01.05.2019

Бірлік пен ынтымақ мерекесі бас қаламыздағы орталық алаңда да кең ауқымда атап өтілуде.

Кеше ғана тосын мінез танытқан табиғат бүгін, мамырдың алғашқы мерекесінде қала тұрғындары мен қонақтарын ашық аспан, шуақты күнімен қуантты. Орталық алаңға жиналғандар өнерпаздардың мерекелік концертін тамашалап, елімізде тұратын түрлі ұлт өкілдерінің дәстүрі мен мәдениетімен танысты. Жалпы, мерекенің мәніне үңілсек, бұл күн тәуелсіз Қазақстанда 1996 жылдан жылдан бастап Елбасы Жарлығымен Қазақстан халқы бірлігі күні ретінде аталып өтіліп келеді. Айтулы күн ұлыстар мен ұлттардың бірлігін ұлықтап, Қазақстандағы барлық ұлт өкілдерін жұмылған жұдырықтай тұтасуға үндеп келеді. Мерекеде ұйымдастырылған шаралар да ұлттар арасындағы ыстық ықыласты дәріптеуге бағытталған.

Авторы: Гүлжан Көленқызы

Хабар 24 телеарнасы