389,53 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Петропавлдықтар ұлттық спорт түрлерінен сынға түсті

  • 327
  • UPD: 14:02, 01.05.2019

Татулық пен достықтың, ынтымақ пен ырыстың нышанына айналған Қазақстан халқының бірлігі күні еліміздің солтүстігінде де сән-салтанатымен тойланып жатыр.

Басты алаңға жиналғандар үшін мерекелік бағдарлама ұйымдастырылып, түрлі спорттық жарыстар өткізілуде.

Ақпыз, қара, сарымыз. Ағайынбыз бәріміз. Міне, басты алаңға жиналып жатқан түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің ұстанымы осындай. Мерекені атап өтуге келгендердің көңілі шат. Бұл ең бастысы. Бернеше күн бойы қабағын бір ашпаған Петропавлдың аспаны да бүгін жадыраңқы деуге болады. Хош.

Ал жалпы биыл мереке өңірде ерекше аталып өтілуде. Өйткені ұлттық ойындарға аса мән берілді. Солардың бірі – ботай ойыны. Міне, жігіттеріміз қазір осы бір ұмыт қалған спорт түрін қайта жаңғыртып, жандандырып, тамаша ойын өрнегін көрсетуде. Айта кету қажет, бұл сақа ойыны негізінде ойналады. Тек жылқының не болмаса қара малдың топай сүйегі болса жеткілікті. Және ол «Ди» деп аталады.

Негізінен мерекеге орайластырылған бағдарламалар жер-жерде сағат 12-де басталды. Өте ауқымды. Петропавлдықтар үшін қазақ эстарада жұлдыздары ән шырқайды. Мұнымен қоса елімізге танымал спортшы, алып күш иесі Сергей Цырульников та өз өнерін көрсетеді. Ал «Достық» үйінің алдында ұлттық мәдениет фестивалі басталды. Мұнда бірнеше ұлт өкілдері жұртшылыққа өздерінің ұлттық тағамдарын, салт-дәстүрлерін паш етуде. Сөз соңында айта кету қажет, 1 мамыр – Қазақстан халқы бірлігі күні мерекесі шаһарда 30 үйдің ауласында аталып жатыр.

Авторы: Самат Қайырденұлы

Хабар 24 телеарнасы