379.46 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бірлік күні елордада 20-дан астам шара өтеді

  • 150
  • UPD: 13:52, 07.05.2019

«Қазақ елі» монументі алдындағы алаңда таңсәреден басталған мерекелік шаралар әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі.

Мұнда түске дейін «Ынтымағы елімнің, Елбасының еңбегі» деп аталған музыкалық-хореографиялық қойылым өтті. Қазір көрермен Нұр-Сұлтан қаласының этно-мәдени бірлестіктерінің шығармашылық ұжымдары дайындаған концертті тамашалауда.

Бірлік күні елордада жиырмадан астам шара өтеді. Олардың бірқатары түске дейін «Қазақ елі» монументі алдындағы алаңда ұйымдастырылды. Шаһар тұрғындары мен қонақтары мерекелік концертті тамашалап, ақ дастарханға қойылған түрлі ұлт тағамынан дәм татты. Алаңдағы шаралар әдеттігідей кешке дейін жалғасады.

Күні кеше қардың жауғаны  Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарын біраз әуреге салғаны рас. Ертеңгі күн шуақты болсын деген көптің тілегі қабыл болды. Аспан ашық, алаңда жүрген халықтың жүзі жайдары. Олар таңда басталған концертті тамашалап, ұлттық спорт түрлерінен жарысқа қатысып жатыр. Есіңізге салып өтейін, жеңімпаздарға жүлде тағайындалған. Қазақтың бас қаласына бірлік күні қыдырып келген ағайынның арасында әр аймақтың тұрғыны бар.

Телекөрерменге ақпарат айта кетейін, бүгін сағат бесте «EXPO Конгресс» орталығында композитор Арман Дүйсеновтің «Арман достығы» атты шығармашылық кеші өтеді. Концертке қазақстандық өнер майталмандары мен шетелден арнайы шақырылған әртістер қатысады. Билет құны 2000 мың теңгеден басталады.

Авторы: Талғат Исламұлы

Хабар 24 телеарнасы