378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бірлік күні қарсаңында Сыр еңбекшілері жерге дән себуді бастады

  • 92
  • UPD: 15:49, 01.05.2019

«Байлық қазына-мүлік емес, бірлік – байлық».

Сыр өлкесінде қоныс тепкен 70-тен астам ұлысқа бұл халық тәмсілінің мәні терең. Тұрақтылықты тірек етіп, ұлтаралық достықты ұлықтаған қызылордалықтар да бірлік мейрамын сән-салтанатымен атап өтуде. Тұран топырағын түлетіп, әлеуметтік және этносаралық қатынастарды реттеуде тағдыры бір арнаға тоғысқан түрлі ұлт өкілдерінің қосқан үлесі орасан.

Бірлік күні қарсаңында Сыр еңбекшілері жомарт жерді идіріп, дән себуді бастады. Жалпы, өңірдің моноэтностылығы жағдайында толеранттылықты қалыптастыра білген Сыр жұрты бірлік тойын берекенің бастауы деп біледі.

Таңсәріден «Сыр сүлейлері» аллеясында достық әуендері шырқалды. Аймақтағы 11 этномәдени бірлестік өкілдері «Татулық тірегі – Сыр елі» атты шарада өз мәдениеті мен өнерін паш етті. Сан ұлт пен ұлыстың кешегісі мен бүгінгі тірлігінен ақпар беретін көрмелер ұйымдастырылды. Қоғамдық келісім мен доспейілдік қасиеттер паш етілген мерекеге жиылғандар спорттық сайыстарға да белсене қатысты.

Ауа райының салқындығына қарамастан мейірбандық тойына ағылған қала тұрғындарының мерекелік көңіл-күйін білу үшін сөзге тартқан едік.

Қазақстан халқы Ассамблеясының спикері болған сырбойылық өрен Евгений Демиденко жаңа ғана Нұрсұлтан қаласынан келіп жетті. ІТ жобасына әйгілі Boeing компаниясы қызығушылық танытқан жас дарын алғашқы әсерімен бөліскен болатын.

Бүгін қалыптасқан дәстүр бойынша қалалық демалыс паркі жұмысын бастады. Биыл жеке кәсіпкерлер өздері қосымша отбасылық үлгідегі бірнеше аттракцион орнатты. Сондай-ақ жануарлар бағы мен қуыршақ театры іске қосылды. Парк «Шылымсыз және ішімдіксіз аймақ» идеясымен жұмыс істейді.

Авторы: Қамбар Бекенов

Хабар 24 телеарнасы