378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жетісуда ұлт өкілдерінің достығын дәріптейтін сурет көрмесі ашылды

  • 130
  • UPD: 13:52, 07.05.2019
Жетісуда ұлт өкілдерінің достығын дәріптейтін сурет көрмесі ашылды

Алматы облысында да Қазақстан халқының бірлігі мерекесі кең көлемде атап өтілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Талдықорғандағы Жастар саябағында мәдени іс-шаралар ұйымдастырылды. Жер жәннәты Жетісу өлкесін мекендеген ұлт өкілдерінің достығын дәріптейтін сурет көрмесі ашылды. Қолөнер шеберлерінің туындылары мен жастардың робототехника саласындағы жетістіктері де жетісулықтар назарына ұсынылды. Білекті де жүректі жігіттер спортың бірнеше түрінен сынға түссе, өнерпаздар достық жырын жырлады. Қазақ жеріне қоныс аударылған кәріс, дүнген, орыс, шешен диаспоралары салт-дәстүрлерін паш етіп, ел бірлігін насихаттады.

Емина Асыланоғлы, қала тұрғыны:

- Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Біздің достығымыз, татулығымыз одан әрі нығая берсін. Елімізді одан әрі көркейту – біздің міндетіміз. Көтеріңкі көңіл-күй тілеймін. Ел аман, жұрт тыныш болсын.

Базархан Айтқалиқызы, қала тұрғыны:

- Бүгінгі мейрам Жетісу төрінде өте тамаша өтіп жатыр. Балалар әр ұлттың биін биледі. Тамаша өтіп жатыр. Егемендік алғалы 27 жылдан бері қалыптасқан еліміздің амандығы жеріміздің тыныштығы, әрқашан береке бірлікте болсын.

Хабар 24 телеарнасы