378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда бауырсақ көрмесі ұйымдастырылды

  • 140
  • UPD: 13:51, 07.05.2019
Қостанайда бауырсақ көрмесі ұйымдастырылды

Қостанай тұрғындары Бірлік мерекесін ерекше сипатта қарсы алды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өңірді мекен ететін этномәдени бірлестіктер арасында бауырсақ көрмесі ұйымдастырылды. Байқауға қатысқан әр ұлт өкілі ас атасының бірнеше түрін пісіріп әкелді. Бірі дәмімен ерекшеленсе, бірі пішінін өзгерткен. Жиналған жұртшылық грек, моңғол, өзбек, түрікмен халқының 20 түрлі бауырсағынан дәм татты. Айта кетейік, бүгінде облыста 100-ден астам түрлі ұлт өкілі тұрады. Бейбітішілікті ту еткен Тобыл өңірі халқының жарасымды тірлігі бүгінгі мерекеде осылайша айқын көрініс тапты.  

Гауһар Асанқызы, қазақ этномәдени бірлестігінің өкілі:

- Жалпы, бауырсақ деген деген түбірі бауыр – біздің көпшілік бауырларымыздың белгісі. Бауыр сөзінің жұрнағының өзі бір-бірімізге жылылық сезімін тудырады. Бауырсақты әртүрлі пісіруге болады. Оған ірімшік, бал қосып, әртүрлі ұлттың ерекшелігіне байланысты дайындап әзірлейді.

Хабар 24 телеарнасы