378.98 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізге депортациялау кезеңінде 1,5 млн-ға жуық адам көшірілген

  • 170
  • UPD: 15:41, 01.05.2019
Елімізге депортациялау кезеңінде 1,5 млн-ға жуық адам көшірілген

Өткен ғасырдың 30-жылдарында қазақ жеріне Батыс пен Шығыстан жүздеген ұлт жер аударылды.

Олардың Қазақстанға келуі, қоныстануы мен өтініштері жайлы деректер ҚР Президенті архивінде сақтаулы тұр. Жер аударып, еріксіз қоныстандыру 1930-1956 жылдар аралығында жүргізілді. Мысалы, кәрістер ең алғаш қазақ жеріне 1937 жылы аяқ басты. Оларды еліміздің Қызылорда облысына қоныстандыру жөніндегі арнайы қаулы сақталған. Ал немістер, поляктар, гректер мен финдер негізінен Қостанай, Ақмола облыстарына орналастырылған. 1940 жылы Қазақстанға жалпы саны 90 мың адам жер аударылса, екі жыл ішінде олардың саны төрт жүз мыңнан асты. 1943-44 жылдары тек Солтүстік Кавказ, Қалмақ пен Қырым автономиясынан және Грузиядан 506 мың адам қоныс аударған. Жалпы, 25 жылға жалғасқан халықтарды депортациялау кезеңінде елімізге 1,5 млн-ға жуық адам көшіріліпті.   

Ақжан Исаева, ҚР Президент архиві басқармасының бас сарапшысы:

- Құжаттарда көрініп отырады. Әр ауданға орналасу ерекшелігі. Қанша пайыз құрады. Мысалы, 20-жылдары келген ұлттар бүкіл қазақ халқының басқа ұлттар 30 пайызын құраған болса, кейін соғыстан кейінгі жылдары 50-60 пайызға дейін басқа ұлттың құрауы жетті деген санақ бар.

Хабар 24 телеарнасы