378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкшетаулықтар Қазақстан халқының бірлігі күнін қалай тойлауда?

  • 168
  • UPD: 18:10, 01.05.2019

Көкшетауда бүгінгі бірлік мерекесі жоғары деңгейде аталып өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Күннің суықтығына қарамастан орталық алаңға халық көп жиналған. Айта кетейік, Ақмола облысы – елімізде өзге ұлт өкілдері ең көп шоғырланған аймақтың бірі. Қазір мұнда 100-ден астам ұлт пен ұлыс өкілі өмір сүріп жатыр. Ал өңірде 40-тан астам ұлттың этно-мәдени бірлестіктер жұмыс істейді.

Дамир Берікұлы, тілші:

– Көкшетауда бірнеше күннен бері ауа райы құбылып тұр. Мәселен, кеше аймақта қалың қар жауды. Бүгін де күн салқын. Бірақ бүгін күннің көзі шығып, мереке күні ауа райы жадырап-жайнап сала берді.

Халықтың көңіл күйі де көтеріңкі. Ал мерекелік концерт «Бір шаңырақ астында» атты музыкалық прологтан басталды. Оған 200-ден студент қатысты.

Ал Тəуелсіздік алаңындағы мерекелік шараның басты нышаны – «Достық» ауылы. Мұнда өңірде тұрып жатқан өзге ұлт өкілдері өздерінің мəдениетін, əні мен биін көпшілікке таныстырды. Айта кету керек, бүгінде Ақмола облысында 100-ден астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр.

БЛИЦ:

– Баршаларыңызды Қазақстан халқы бірлігі күнімен құттықтаймын. Ақмола облысында өзге ұлт өкілдері өте көп. Соған қарамастан, бәріміз тату-тәтті өмір сүріп жатырмыз. Мейрамдарды ұжымдасып өткізіп жатырмыз.

– Халықтың көңілі тамаша! Алаңымызда ине шаншар жер жоқ.

– Концерт жақсы өтіп жатыр. Қазақстан халқын мерекемен құттықтаймын. Аспанымыз ашық болсын!

Бұдан бөлек, орталық саябақта облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қолөнер шеберлері қауымдастығының мүшелері ұйымдастырған арнайы көрмесі көпшілік назарына ұсынылды. Бұл жерден 100 шақты өнер туындысын көруге болады.

Көкшетаудағы мерекелік концерт кешке дейін жалғасады. Ал аймақ тұрғындарын құттықтауға эстрада жұлдыздары арнайы келген.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Анатолий Полянный

Хабар 24 телеарнасы