378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтөбеде 90-ға жуық ұлт пен ұлыстың өкілі тұрады

  • 116
  • UPD: 22:33, 01.05.2019

Ақтөбеде этно-мәдени орталықтар ұлттық тағамдарын дайындап, төл өнерлерін көрсетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал жергілікті шығармашылық ұжымдары мерекелік концертпен қатар, түрлі байқаулар мен ойын-сауық бағдарламаларын ұсынды. Қазақстан халқының бірлігі күні ақтөбеліктерді құттықтауға келген облыс басшысы этно-мәдени бірлестіктерге арнайы гранттар табыс етті. Мерекелік шаралар cаябақтар мен алаңдарда, стадиондар мен сауда-ойын сауық орталықтарында ұйымдастырылды.

БЛИЦ:

– Бүгінгі мерекемен шын жүректен құттықтаймын. Бүгін орталық саябақта Қазақстанның төрін мекен еткен әрбір ұлттың өкілдері жиналып, мерекені қызу тойлауда. Елімізде бейбітшілік болсын, ұлттар арасында бірлігіміз нығая берсін деген тілек көп.

– Бауырлас халықтарға бақыт тілеймін. Аспанымыз ашық, деніміз сау болсын. Елімізде әрқашан ауызбірлік болсын. Славян халықтарының этно-мәдени бірлестігінің атынан бүгінгі мерекемен құттықтаймын!

– Ассалаумағалейкум, қазақ елі! Бүгінгі мереке құтты болсын. Қой үстіне бозторғай ұялаған заман болсын. Еліміз аман болсын. Айналамыз аман, төрт құбыламыз түгел, бауырымыз бүтін болсын!

Хабар 24 телеарнасы