379.46 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жамбылдықтар Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесін ерекше атап өтуде

  • 188
  • UPD: 20:45, 01.05.2019

Жамбыл облысында 80-нен астам ұлт пен ұлыс өкілдері тату-тәтті өмір сүріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Аймақтың тұрғындары бірлік пен ынтымақ мейрамын жылда ерекше атап өтеді. Әсіресе бір-бірінің ұлттық салт-дәстүрлеріне аса құрметпен қарайды. Бүгін жергілікті жұрт 1 мамыр Қазақстан халқының бірлігі мерекесіне белсенді қатысты. Әрбір өзге ұлттың өкілдері өздерінің салт-дәстүрін, өнерлерін көрсетіп, ұлттық тағамдарын көпшілікке ұсынды.

Бірлік мейрамы Таразда ерекше тойланды. Биыл негізгі шаралар Жастар аллеясы кешенді демалыс орнында ұйымдастырылған. Оған өңірдегі 27 этномәдени орталық өкілдері, қала тұрғындары жалпы саны 10 мыңға тарта адам қатысты. Жиналған жұрт бірлік, ынтымақ, бейбітшілік күнін тамаша көңіл күйде атап өтті.

Мухабат Миражапова, ҚХА жанындағы аналар кеңесінің төрайымы:

– Бір ел болып, мерекені тойлап жатырмыз. Бірлігіміз, бейбітшілігіміз мәңгілік болсын.

Сүлейменов көшесінің бойына «Достық дастарханы» жайылды. Онда түрлі ұлттың 20-дан астам тағамынан көрме қойылды. Этномәдени бірлестіктер өз мәдениеттерін, салт-дәстүрлерін көпшілікке көрсетіп, мән-мағынасын ашып түсіндірді.

Дауыл Бейсенқұлов, облыстық ішкі істер басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

– Этномәдени орталықтар өздерінің этно ауылдарын тігіп, ұлттық салт-дәстүрді тәрбиелік мәні бар салтын көрсетіп, халықты қуанышқа бөледі. Жамбыл облысында әрбір аудан орталығында, ауылдарда мерекелік шаралар өте жоғары деңгейде өтуде. 90 мыңға жуық адам қамтылды.

Мереке ұлттық спорттық ойындарға жалғасты. Тұрғындар ләңгі, қазақша күрес, қол күрес, тоғызқұмалақ сияқты жеті түрлі ойын түрінен жарысты. Шара өңірдің 10 ауданда бір мезетте өтті.

Авторлары: Руслан Бақытбекұлы, Тимур Сейілхан

Хабар 24 телеарнасы