378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Вальтер Гаукс: Қазақстанды ешқашан ұмытқан емеспін

  • 129
  • UPD: 22:33, 01.05.2019

Қазақтар мен немістердің достығы ғасырларға жалғаспақ.

Қазақстан халқы Ассамблеясы XXVll сессиясының делегаты Вальтер Гаукс елімізді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады. Балқашта дүниеге келген ол қазір Германияда тұрып жатыр. Осыдан 23 жыл бұрын Вальтер тарихи отанына қоныс аударған. «Бірақ ешқашан Қазақстанды ұмытқан емеспін», – дейді ол. Қазір Вальтер қоғам өміріне белсенді араласып, бірлескен Германия-Қазақстан білім және мәдени жобаларында жұмыс істеп жүр.

Вальтер Гаукс, Германиядағы ТМД елдерінен немістер жерлестігі жастар ұйымының төрағасы:

– Қазақстан халқы Ассамблеясы секілді ауқымды шараға қатысқанда, халықтың бірлігі мен бауырластығын айқын сезесің. Бұл мейрам мен үшін Қазақстанда қалыптасқан өмір салтының шарықтауы іспеттес. Бұл адамгершілік, халықтар арасындағы бауырмалдық. Бәріне аман-саулық және еліміз арасындағы ынтымақтастықтың одан әрі дамуын тілеймін.

Хабар 24 телеарнасы