378.01 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтаулықтар Қазақстан халқының бірлігі күнін қалай атап өтті?

  • 184
  • UPD: 22:29, 01.05.2019

Ақтаулықтар да таңнан кешке дейін мерекені бір адамдай атап өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бірлік күнінің биылғы ерекшелігі, қалаға Ресейден де әртістер келген. Бірнеше жігіт жергілікті жұртшылықты өнерлерімен тәнті етті.

Ақтаудағы жағалауда «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» атты мерекелік шара өтті. Бұл саланаттың басы шерумен басталды. Оған бірнеше еңбек ұжымы қатысты.

Қорған Төреқожа, тілші:

– Жергілікті еңбек ұжымдарының шеруі 40 минутқа созылды. Одан соң теңіздің қасындағы амфитетарда өнер ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама басталды. Амфитеатрдың қасына бірнеше ұлттың өкілі жиылып, өздерінің дәмдерін ұсынды. Яғни бүгінгі іс-шара жәрмеңкеге де ұласты деп айтуға болады. Біз қазір түрік жәрмеңкесіне келдік. Бұл жерде ұлттық тағамдар ұсынылып жатыр.

Салами Афчи, қала тұрғыны:

– Бірінші мамыр Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын. Көңіл күй керемет. Халық бір-бірін құттықтап жатыр.

Фатима Биркле, осетин этномәдени бірлестігінің төрайымы:

– Қала тұрғындары мен қонақтарына ұлттық тағамдарымызды ұсындық, ән салып, ұлттық дəстүрімізді көрсеттік. Ауа райы да өте тамаша. Көңіл күй керемет. Жалпы Маңғыстау облысында бүгінгі таңда 200-ден астам осетин халқының өкілі тұрады. Этносымыздың атынан қазақ елін мерекемен құттықтаймыз!

Қорған Төреқожа, тілші:

– Биылғы мерелік шараның ерекшелігі осы. Орталық алаңға канат құрылған. Көріп тұрғандарыңыздай, жоғарыда жүрген жігіт Ресейдің Краснодар өлкесінен арнайы келіп, жергілікті жұртшылықты өздерінің ерекше өнерлерімен тамсантты.

Маңғыстау облысында бүгінгі таңда 21 мәдени бірлестік пен 50 этнос бар. Барлығы бір атаның баласындай, бір қолдың саласындай жұмылып, бірлік күнін атап өтті.

Авторлары: Қорған Төреқожа, Саламат Бекбаев

Хабар 24 телеарнасы