389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордадағы қоғамдық кеңес отырысында студенттік жатақхана мәселесі талқыланды

  • 524
  • UPD: 07:21, 02.05.2019
Қызылордадағы қоғамдық кеңес отырысында студенттік жатақхана мәселесі талқыланды

Қызылорда облысындағы 29 колледждің 10-ында жатақхана жоқ. Сондай-ақ медициналық орта арнаулы оқу орнының 300 оқушысына да жатақхана қажеттілігі туындап отыр.

Бұл проблема келер жылға дейін шешімін табуы тиіс. Бұл туралы Елбасының 5 әлеуметтік бастамасын бақылау жөніндегі облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысында айтылды. Жалпы өңірдегі 16 мемлекеттік және 13 жеке колледжде 21 мыңдай студент оқиды. Соның ішінде мың жарымға жуығы жатақханамен қамтылмаған. Осы ретте сала мамандары мәселені мемлекет пен жеке меншік әріптестік аясында шешуді ұсынып отыр. Қостараптық тиімді жобалар аясында қазір 3 колледжге жатақхана салудың нақты жоспары бекітілді.    

Майра Мелдебекова, облыстық білім басқармасының басшысы:

- Ықсанов атындағы политехникалық колледж және Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжінің 400 орынға мәселесі шешілді. Сонымен қатар медициналық колледж 300 орын жалпы 700 орын мәселесі шешілген. Колледждер жеке болғандықтан осы тәсілмен жеке меншік инвесторды өздері қарастырып, тауып осы мәселені шешуге тиіс. Бағдарламада көрсетілгендей 2020 жылға дейін біз барынша қамту керекпіз.

Хабар 24 телеарнасы