389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-да егіс науқаны басталды

  • 441
  • UPD: 10:16, 02.05.2019

«Дамса 20-17» негізінен Солтүстік Қазақстан облысының табиғатына келеді деді ғой маман.

Ал бұл өңірде қазір көктемгі егістік науқаны басталды. Қазір диқандар қауымы ылғал жабу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Биыл астықты аймақта неше гектар жерге дән себіледі? Ол қандай дақылдар? 

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Қырдағы қарбалас таңсәріден қарқын алды. Міне, мамыражай мамырдың салқын самалы, дүбірге бөленген дала, нағыз еңбектің шаңы.

Бір сөзбен айтқанда, бәрі бір-біріне үйлесіп тұрғандай. Қазір біз Қызылжар ауданынының берекелі егістік алқабында тұрмыз. Берекелі дейтініміз, былтыр бұл ауданның диқандары гектарынан 23,6 центнер астық жинап, облыс бойынша бірінші орын алды. Міне, танап басына қыс бойы тұрған тегеурінді техникалар түрен салып, шаруалар ылғал жабуға кірісіп кетті. Биыл қар көп жауды. Мамандардың айтуынша, қазір топырақтың ылғалдығы 150-180 мм. Енді оны уақытында жауып, дән сіңіру керек.

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Биыл облыста егін шаруашылығын әртараптандыру жұмысы жалғаспақ. 1 млн гектар жерге майлы дақыл себіледі. Жалпы егін егу науқаны 10 мамыр мен 5 маусым аралығында жүргізіледі.

Хабар 24 телеарнасы