378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астаналық кәсіпкер әйелдердің уақытын үнемдеу амалын ойлап тапты

  • 172
  • UPD: 11:38, 02.05.2019

Елордада қызметтің жаңа түрі пайда болды. Енді астаналықтар уақытты үнемдеу үшін тазартылған көкөніс сатып ала алады.

Өнімнің сапасы мен санитарлық талапқа сай келетініне кәсіпкер Санжар Кәрімбаев кепіл болмақ.

Елорда тұрғыны Санжардың жасы 24-те. Қатарластарынан алып бара жатқан айырмашылығы да көп емес. Ол да құрдастары сияқты жылдам әзірленетін тағам орталықтарында жұмыс істеді. Мүмкіндігінше нәпақа табады. Алайда, көргенін көкейіне түйіп, өз мүддесіне жарата біледі. Бүгінде ол бас шаһарда алғаш болып, дүкендер мен сауда орталықтарына тазартылған картоп, сәбіз және пияз өнімдерін ұсынып отыр. Осылайша тұтынушының алтынмен пара-пар уақытын үнемдейміз дейді жас кәсіпкер. 

Санжар Кәрімбеков, кәсіпкер:

- Біздің көмегімізбен көпшілік тамақтанатын орындардың шығыны азаяды. Қызметкерлердің тиімділігі артады. Тазалық сақталады. Кейбір нысандар алдын ала тамақ әзірленетін аймақты кеңсеге айналдырды. Ал осыған дейін өнімдерді тазартумен айналысып, картоп қуырғандар енді ортақ залдағы тазалықты қадағалап, тұтынушыларға көбірек көңіл бөледі.

Санжар өз кәсібін 32 шаршы метр бөлмеден бастапты. Әрі тағам дайындау әдісін меңгеру үшін 5 ай және 4 тонна картоп жұмсағаны да бекер болмай шықты. Бүгінде ол тәулігіне 700-800 келіге дейін тапсырыс қабылдайды. Сондай-ақ, тұрақты тұтынушылары бар.

Дінмұхамед Мұртазаев, жылдам әзірленетін тағам орталығының иесі:

- Олар бізге өз тауарын жеткізіп береді. Бізде оларды турайтын құрылғы бар. Көбіне соның көмегіне жүгінеміз. Осы жерде қуырып, тұрғындарға ыстық күйінде ұсынамыз. Бұл өнімдер негізінен жылдам әзірленетін тауарларға жұмсалады.

Санжар жас та болса, тәжірибелі кәсіпкер. 7 жылдық еңбек жолында қызмет көрсету саласының ең төменгі сатысынан бастап, қазіргі уақытта өз ісін дөңгелетіп алды. Әзірше, оның кәсібіне өзінен басқа ешкім қолдау көрсетіп жатқан жоқ. Алайда алдағы уақытта мемлекет тарапынан қандай да бір көмектің болатынына кәміл сенеді.

Авторлары: Мирлан Алтынбек, Елена Устимович

Хабар 24 телеарнасы