378.87 423.00 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дақылдары 824 мың гектар жерге егілді

  • 201
  • UPD: 12:19, 02.05.2019

Биыл Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дақылдары 824 мың гектар алқапқа егіліп жатыр.

Бұл өткен жылмен салыстырғанда 10 мың гектарға артық. Ал Жетісай мен Мақтааралдық диқандар қырыққабаттан алғашқы өнімдерін жинап, Ресейге экспортқа жіберіп үлгерді. 

Жандос Жұмабек, тілші:

- Қазір еліміздің оңтүстік өңірі cаналатын Түркістан облысында көктемгі дала жұмыстары аяқталуға жақын. Биыл аймақта 824 мың гектар алқапға ауыл шаруашылығы дақылдары егілетін болса, бүгінге дейін соның 90-95 пайыз жұмысы толық аяқталды. Қазір мақсары мен таулы аймақтарда бақша дақыладырын егу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Айта кетейік, биыл жаздық дақылдар 510 мың гектарға егілді. Егістікті әртараптандыруға сәйкес, бидай - 175 мың, мақта - 121 мың, көкөніс, бақша дақылдары мен картоп - 125 мың, майлы дақылдар - 100 мың, дәндік жүгері - 46 мың және жемдік дақылдар 207 мың гектарға отырғызылды. Ал бидай алқаптары мен суда өсетін дақылдардың егіс көлемі қысқартылғанымен есесіне, бос тыңайған жерлерді игеру есебінен майлы, жарма, дәнді-жемдік, бұршақты, жемдік дақылдар сияқты сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті дақылдардың алқаптары айтарлықтай ұлғайды. Биыл үкімет тарапынан көктемгі дала жұмыстарына 38 мың тонна жанар-жағармай бөлінді. Оның 10 мың тоннасы наурыз, 15 мың тоннасы сәуір айында диқандағар үлестірілсе, қалған 10 мың тоннасы осы мамыр айында беріледі.

Айта кетейік, еліміз орталығы мен солтүстік өңірлері көктемгі жер жырту жұмыстарына енді кірссе, оңтүстікте алғашқы өнім жиналып, экспортқа жіберіліп жатыр. Жетісай мен Мақтааралдықдық диқандар биылғы алғашқы өнімін жинап үлгерді. Қаңтар айында егілген қырыққабат толық теріліп, Ресейге экспортталды. Жетісайда биыл 1417 гектарға ерте пісетін көкөкніс егілді. Оның 1022 гектары қырыққабатқа тиесілі. Қазір диқандар оның 1 кг 210 теңгеден саудалап жатыр. Ал Мақтаралдық шаруалар тамшылатып суғарудың арқасында гектарынан 400 центнерден өнім алды. Биыл Мақтаарал ауданында 281 гектар жерге қырыққабат дақылы егілді. Бүгінге дейін Түркістан облысының шаруаларына 33 мың тонна минералды тыңайтқыш берілді. Оған үкіметтен 4.3 млрд теңге қаржы бөлінді. Оның 50 пайызы субцидияланады деп жоспарлануда.

Хабар 24 телеарнасы